Accessibility links

И.Аллауи: Ирақ үкіметі қару-жарақты ақшалай өтемақыға айырбастау науқанын бүкіл елде өткізуді жоспарлап отыр.


БАҒДАД: Ирақ үкіметі қару-жарақты ақшалай өтемақыға айырбастау науқанын бүкіл елде өткізуді жоспарлап отыр, -деп хабарлады кеше Ирақтың уақытша премьер-министрі Ияд Аллауи. Бағдадтың Садр-Сити ауданында шийт мұсылмандары бір апта бойы қолдағы ауыр және басқа қаруын ақшаға өткізіп жатыр. Ирақтың Ұлттық ұланының өкілі Шарик Заирдың атап көрсетуінше, қару-жарақтың тым көп болуына байланысты, оны тапсырудың ақырғы мерзімін 3 күнге ұзартылды. Қазір қолдағы бар қару-жарақтың төрттен бір бөлігі ғана тапсырылды. Мерзімді үш күнге ұзарту да аз. Ал қаруды ақшаға айырбастаудың мақсаты, деп мәлімдеді Шарик Заир, шийт мұсылмандарының көсемі Мұқтада Ас-Садр мен Саид Мұқтаданың жасақтарын қарусыздандыру”.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG