Accessibility links

АССОШЭЙТЕД ПРЕСС: Қаңтар айына белгіленген демократиялық сайлауда Ирақ халқы фундаменталистік мемлекет құруды қолдап дауыс беретін болса, оған АҚШ президенті Дж.Буштың қатты көңілі қалады.


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш алдағы қаңтар айына белгіленген демократиялық сайлауда Ирақ халқы фундаменталистік мемлекет құруды қолдап дауыс беретін болса, оған қатты көңілі қалады. Ассошэйтед Пресс агенттігінің: “егер Ирақ халқы билікке фундаменталистік ислам үкіметін сайлайтын болса, оған қалай қарайсыз?” –деген сауалынн Дж.Буш: “оған менің көңілім қалар еді, бірақ демократияның аты - демократия”, -деп жауап берді. Сайлау алдындағы қантөгісті басу үшін Ирақтың уақытша премьер-министрі Ияд Аллауи қару-жарақты ақшалай өтемақыға айырбастау бағдарламасын жалпы ұлттық ауқымда өткізеу жоспарын жариялады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG