Accessibility links

НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер, Орта Азия елдеріне сапарының бағдарламасына сәйкес, Тәжікстанда жүр


Бүгін НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер, Орта Азия елдеріне сапарының бағдарламасына сәйкес, Тәжікстанда жүр. Кеше Душанбеде Тәжікстанның ресми өкілдерімен келіссөзінде ол халықаралық қауіпсіздік күштерінің Орта Азия арқылы Ауғанстанға өту мәселесін талдап, бір келісімге қол қойды. Я.С.: “Біз “транзит мәселесі” деп аталатын келісімге қол қойдық. Оған сәйкес, Тәжікстан Ауғанстандағы халықаралық қауіпсіздік күштеріне қатысты НАТО-ның іс-қимылын қолдайды. Мен “Бейбітшілік жолындағы әріптестік” бағдарламасындағы НАТО-ның сыйлы әріптесі болып табылатын Тәжікстан НАТО-мен арадағы ынтымақтастығында бұдан былайда осы келісімді басшылыққа алады деп сенемін”.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG