Accessibility links

НАТО елдері 2007 жылға дейін Ауғанстандағы халықаралық бітімгершілік күштеріне басшылық етуге келісіп отыр, ал президент сайлауында қазіргі президент Хамид Қарзай емін-еркін алда келеді


НАТО елдері 2007 жылға дейін Ауғанстандағы халықаралық бітімгершілік күштеріне басшылық етуге келісіп отыр. НАТО-ға мүше Түркия, Италия, Ұлы Британия және Испания елдерінің ресми өкілдері Ауғанстандағы халықаралық бітімгершілік күштеріне әрқайсысы жеке-жеке 6-8 ай бойы басшылық етуге дайындықтарын білдірісті. Ауғанстандағы президент сайлауында қазіргі президент Хамид Қарзай емін-еркін алда келеді. 9 қазанда берулген дауыстардың жартысы есептеліп, оған сәйкес Қарзайды сайлаушылардың 61 пайызы қолдап дауыс берген, оның басты бақталасы Юнус Кануни – 17 пайыз дауспен екінші орында келеді. Үшінші үміткер – Абдул Рашид Достым – 8 пайызға жуық дауыс жинады. Сайлаудың ақырғы қорытындысы – айдың сңында жарияланады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG