Accessibility links

Қазақстанның Журналистер конгресі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасын жариялады

  • Ескендір ЕРТАЙ

Қазанның 20-сында Қазақстанның Журналистер конгресі «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заң жобасын жариялады. Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың айтуынша заң жобасы бойынша өзгерістер мен ұсыныстар қарашаның 23-24 күндері Қызылорда қаласында өткізілетін Журналистер конгресі атқару комитетінің көшпелі отырысында бекітілетін болады. Жарияланған заң жобасы туралы журналистердің пікірі әрқилы.

Қазақстанның Журналистер Конгресінің құрылтайшысы, Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев жаңа заң жобасымен бірге осыған сәйкес Азаматтық және Әкімшілік туралы кодекстерге толықтырулар мен өзгертулер енгізу қарастырылып отырғандығын айтады. Саясатшы Ермұрат Бәпидің айтуынша, бұл заң жобасын Қазақстанның Журналистер конгресі ұсынып отырғандығының өзінен- ақ оның билікке тиімді соның мүддесін көздейтін құжат деп тануға болады деген пікірде.

Сейтқазы Матаев аталмыш заң жобасында журналистердің ғана емес олардың нысанасына алынатын кейіпкерлерінің де құқығын сақтаудың жолдары ойластырылып отырғандығын, жаңсақ пікірі үшін журналистердің жеке жауапкершілігін күшейткен жөн,-дейді.

«Ақжол» газетінің редакторы Нұртөре Жүсіп бұл заң жобасы Қазақстандағы сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікті шектейтіндігін айтады. «Бұдан да қазіргі қолданыстағы заң әлдеқайда демократиялық талаптарға сәйкес келеді»,- деп есептейді.

«Бұдан бұрынғы үкіметтік жоба мен Парламенттің жұмыс тобына заң жобасы жөніндегі ұсыныс, толықтыруларымызды өткізе алмадық, Сондықтан, осы жобаны келесі сайланған Парламенттің отырысына ұсынуды көздеп отырмыз,»- дейді Сейтқазы Матаев. Батыс қазақстандық журналист Айсұлу Қадырбаева болса заң жобасын қазіргі Парламент қарауына қайта ұсынуды жөн көреді.

Сейтқазы Матаев мырзаның айтуына қарағанда, заң жобасы бойынша барлық ұсыныстар мен толықтырулар қарашаның 23-іне дейін жинақталып, Қызылорда қаласында өткізілетін Қазақстан Журналистері конгресі атқару комитетінің көшпелі отырысында бекітілетін болады.
XS
SM
MD
LG