Accessibility links

«Трансперенси-Қазақстан» қоғамдық қоры, сыбайлас жемқорлықтың Қазақстанда жылдан жылға күшейіп бара жатқандығын мәлімдеді


Әлем елдеріндегі коррупцияға яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуді үндеп осы елдердегі коррупция жағдайын үнемі айтып отыратын «Трансперенси- Интернешнл» халықаралық ұйымы өзінің 2004 жылға арналған кезекті баяндамасын таратып отыр. Осыған орай «Трансперенси Қазақстан» қоғамдық қоры сәрсембі күні Алматыда БАҚ өкілдері алдында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жағдайын сөз етті. «Трансперенси-Интернешнл» ұйымының бағалауынша Қазақстан әлемдегі сыбайлас жемқорлыққа батқан елдердің қатарынан орын алып отыр. Қазақстан өткен жылы коррупция деңгейі жағынан 100 ші орында болса биылғы жылы одан да төмендеп 125 ші орынға құлдыраған.

Трансперенси-Қазақстан қоғамдық қорының басқарма төрағасы Виталий Ворониннің айтуынша Қазақстандағы үкімет қызметкерлері, мемлекент шенеуніктері мен саясаткерлер арасында пара алу пара беру, сыбайлас жемқорлыққа бару істері азаюдың орнына керісінше көбейіп отыр. Трансперенси Интернешнл ұйымы биылғы жылы Қазақстанда 7 рет зертеу жұмыстарын жүргізудің арқасында осындай қортындыға келіп отыр. Қазақстан 2004 жылғы көрсеткіш бойынша әлемдегі ең коррупцияға белшедерінен батқан Боливия, Гватамела, Нигер, Судан секілді Оңтүстік Америка және Африка елдерінің арасынан орын алған. Трансперенси Интернешнлдің мәлімдеуінше мемлекеттік басқару жүйелерінде пара алу ісі дамыған әлемнің 60 тай елінде сыбайлас жемқорлық күшейіп отыр.

Сондай ақ әлемдегі мұнай өндіруші елдердің көбінде коррупция деңгейі жоғары болып отыр. Трансперенси Интернешнл халықаралық ұйымының басқарма бастығы Питер Айген мырзаның айтуынша 2004 жылы әлемде мұнайдың ірі қорларына ие Ангола, Азербайжан, Иран, Индонезия, Қазақстан, Ливия, Нигерия, Ресей, Судан секілді елдерде коррупция деңгейі жоғары болды, яғни мұнай өндіруге қатысты келісім шарттар таза емес сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған контрактілер болған. Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевтың айтуынша Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін ақпарат еркіндігі үлкен роль атқармақшы. Барлық шындық ақпарат арқылы халыққа айтылуы керек дейді ол.
XS
SM
MD
LG