Accessibility links

НАТО бас хатшысы Түркіменстан президентімен кездесті


НАТО бас хатшысы Яаап де Хууп Схеффер бүгін Ашхабадта болып, Түркіменстан президенті Сапармұрат Ниязовпен сөйлесті. НАТО әскерлеріне Түркіменстанның әуе мен жердегі жолдарын ашу мәселесін талқыладық, деді НАТО бас хатшысы. НАТО бас хатшысы ортаазиялық сапар барысында алдын күні Қырғызстанда және Қазақстанда болған, кеше Өзбекстан және Тәжікстанда болды. Яаап де Хууп Схеффер Орталық Азия елдері және АҚШ пен НАТО бастаған Ауғанстандағы бірлестік күштері арасында әріптестік қажет деп айтты, терроризмге қарсы күрес, жойқын қару тарауына тосқауыл қою, есіртке тасымалын тежеу мәселелерін ортаға салды.
XS
SM
MD
LG