Accessibility links

Ирақ Біріккен Ұлттар Ұйымы жайында шағым айтты


Ирақ сыртқы істер министрі Хосияр Зебари Біріккен Ұлттар Ұйымы сайлау дайындығына толық көмектеспей жатыр деп шағым айтты бүгін. Қаңтар айына белгіленген сайлауға дайындалу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы жеткілікті сарапшы жолдаған жоқ, бірақ бұған елдегі қауіпсіздіктің нашарлығы басты себеп, деді Хосияр Зебари. Біріккен Ұлттар Ұйымы былтыр Бағдад кеңсесіне шабуыл жасалып, бас өкіл Серж Виера де Мелломен қоса 22 адам қаза тапқан соң Ирақтан барлық қызметкерлерін әкеткен болатын. Содан бері Біріккен Ұлттар Ұйымы Ирақта 35 шетелдік қызметкерін ғана ұстап отыр. Ирақ сайлау шаруаларына дәріс бере алатын ирақтықтарды Біріккен Ұлттар Ұйымы ел сыртынан тыс үйретіп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG