Accessibility links

Миилошевичтың адвокаты қызметінен бас тартты


Халықаралық сотта ісі қаралып жатқан Югославияның бұрынғы президенті Слободан Милошевичтың адвокаты бүгін қызметінен бас тартты. Слободан Милошевич маған адвокаттың қажеті жоқ деп өзін өзі қорғап келе жатқаны аян. Біріккен Ұлттар Ұйымының соғыс қылмыстары соты Милошевичтың денсаулығы нашар, қатты стрестен жүріп кетуі мүмкін деп дәрігерлер айтқан соң оған адвокат ретінде британиялық заңгер Стивен Кейді қыркүйек айында тағайындаған болатын. Адвокат Стивен Кей Милошевич өзімді өзім қорғаймын десе ол оның заңды құқы деп қорғаушылық қызметінен бас тартты. Аппеляциялық сот бұл жөнінде қашан шешім шығаратыны әзірше белгісіз.
XS
SM
MD
LG