Accessibility links

Ресей армиясында ежелден қалыптасқан дедовшина - әлімжеттік ауруы үлкен проблемаға айналып отыр

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Ресейде армияға шақырылушы жастарды жасы үлкендеу солдаттардың, тіптен командирлердің барынша масқаралап азаптап қинауы – дедовшина яғни әлімжеттік ежелден кеңінен тараған жаман дерт. Кейбір мәліметтерге қарағанда, сол әлімжеттілік кесірінен, жыл сайын, Ресей армиясында қызмет етіп жүрген бір неше мыңдаған жас солдат қазаға ұшырайды екен.

Жалпы дедовшина - әлімжеттік деген нәрсе сонау советтік кезден келе жатқан жаман дерт десе де болғандай. Бұрыңғы советтік, қазіргі ресейлік армия қатарына қызметке келген жас солдатты жасы үлкендеу аға солдаттар міндетті түрде масқаралау, азаптаудың өте ауыр сынынан өткізеді. Ол ешкімге құпия емес. Ол жөнінде азап шеккендер де, азаптағандар да айтады. Бір қызығы, советтік армия кезінде өлім аздау болыпты.

Халықаралық бейүкіметтік адам құқықтары ұйымы Хюман райтс уач жариялаған жаңа баяндама деректеріне сенсек, Ресейдегі қазіргі және бұрыңғы солдаттармен өткізілген сұхбаттар нәтижесінде көптеген әскери өмір шындықтары ашылған. Бірден айта кетсек, жыл сайын, Ресей армиясы қатарында өз азаматтық борышын өтеп жүрген бір неше мыңдаған адам, рухани езілуін айтпағанда, қорлық азаппен өлімге кезігіп, көбі мүгедек болып қалар екен.

Сонымен тауелсіз бақылаушылардың айтуынша, соңғы он жылда Ресей армиясындағы жағдай барынша нашарлай түскен. Оған орыс армиясындағы қаржы тапшылышы, тәжрибелі, иманды офицерлердің жетіспестігі де себепші болған. Ал дедовшина - әлімжеттік советтік кездегідей жәй ғана прописка – сынақ мерзімінен өткізу емес, екінші жылғы солдаттардың жаңадан келген сарбаздар үстінен жүйелі түрде билік жасап, масқаралап, қорлап азаптау дәстүріне айналған.

Мысалы, бұл жөнінде Мәскеудегі Хюман райтс уач өкілі Дидерик Лохман былай дейді. -Ресейде әскерге алынушы жастар екі жыл қыззмет етеді. Алғашқы жылы әлімжеттік құрбаны болған олар екінші жылы сол қылмысты өздері жасайды. Олар бұрыңғы азабы үшін кейінгілерден кек алады. Сонымен ол дәстүр одан әрі жалғаса береді, - дейді Лохман.

Ресми дерек бойынша – 800 мыңдай өспірім әскер қатарына алынады. Хюман райтс уач дерегіне сенсек, олар алғашқы 12 ай бойы құлдық төмен дейгейде қызмет етеді. 2-жылдағы үлкендер олардың ақшасын азық-түлігін,заттарын, киіміне дейін тартып алып күн демей, түн демей азаптап істетеді, айтқандарын қылғызады. Бұйрықты орындамаса тайақ жейді, тіптен мерт болуы да мүмкін екен. Бір қызығы, сондай қорлық, азаптауға кезігетіндер тағы да жоғары оқуға түсе алмаған кедей-кепшіктің перзенттері, жетімдер, және бірер ұсақ қылмыспен милицияға түскендер көрінеді.

Ал бұл жағдайға Ресейдегі ресми орындар қалай қарайды екен ? Ресей қорғаныс министрлігі әлімжеттіліктің армиядағы үлкен мәселе екендігін мойындайды. Өткен жылы әскерге алынғандардың көбі - университеттерден шығып қалғандар көрінеді. Ал олардың тең жартысы - ішімдікке құмарлар. Ол аздай, жастарды қорлау, азаптауға офицерлердің өздері де қатысып тұрар екен.

Мәскеудегі Солдаттардың аналары комитетінің жетекшісі Татьяна Значкова ол жөнінде былай дейді. - Кейбір офицерлер, мен мұндай қылмыскер солдаттармен қалай жұмыс істеймін, оларды абақтыға салу керек деп шағым айтады, - дейді Значкова.

Аналар комитетінің есебі бойынша, Ресей армиясында жыл сайын, әлімжеттік кесірінен, кемінде 4000 жас солдат қаза табады екен. Бірақ Армиядағы ресми орындар, өткен жарты жылда бүкіл Ресей бойынша, армияда, 25 солдат әлімжеттіліктен өлген, ал 60 солдат өзіне қол жұмсаған, дейді.

Бірақ Қыйыр шығыстағы Магадан қаласында қаңтарда бір сарбаз үсіп өліп, 50 жас суық тиіп ауруханаға түскен. Президент Путинның бұл оқиғаға орай тергеу қажет, деген бұйрығы да бар. Дегенмен, Хюман райтс уач әлімжеттікті ең болмағанда кемейту үшін оны тексеретін Үкіметтік жұмысшы тобын құру деген талап қойған. Ал белсенді топтың пікірінше, өз әскерін құлдық жағдайда ұстайтын елде қандай ғана күшті армия бола қойсын. Сондықтан олар Ресей армиясында жақын арада жағдайдың жөнделетіндігіне сенбейтін сықылды.
XS
SM
MD
LG