Accessibility links

Ресми Беларус АҚШ заңына шамданып отыр


Беларус сыртқы істер министрлігі бүгінгі мәлімдемесінде АҚШ президенті Джордж Буш қол қойған заңды сынады. Беларустағы Демократия шаралары заңына Буш кеше қол қойған болатын. Заң бойынша Беларуста демократиялық құндылықтарды кеңейту мақсатында тәуелсіз баспасөзге қаржы көмегі көрсетілмек, Беларусқа бағытталған радио және телехабарлары жүргізілмек. Джордж Буш Беларуста жексенбі күні болған парламент сайлауы және референдум үрей мен жәбірлеу жағдайында өтті деп сын айтты. Референдум президент Александр Лукашенкоға билік басында үшінші рет қалуға жол ашпақ.
XS
SM
MD
LG