Accessibility links

Милошевич маған ешқандай адвокаттың қажеті жоқ дейді


Халықаралық сотта ісі қаралып жатқан Югославияның бұрынғы президенті Слободан Милошевич бүгінгі сөзінде маған ешқандай адвокаттың қажеті жоқ, өзімді өзім қорғай беремін, бұл шаруаны меннен басқа ешкім атқара алмайды деп мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының соғыс қылмыстары соты Милошевичтың денсаулығы нашар болғандықтан адвокат ретінде екі британиялық заңгерді тағайындаған болатын қыркүйек айында . Солардың бірі - адвокат Стивен Кей Милошевич өзімді өзім қорғаймын десе ол оның заңды құқы деп қорғаушылық қызметінен бас тартты бүгін. Аппеляциялық сот бұл жөнінде қашан шешім шығаратыны әзірше белгісіз.
XS
SM
MD
LG