Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Жармахан Тұяқбайға қандай жауап беруі мүмкін?...

  • Гүлмира ХАМЗА

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазанның 21 күні Алматыда бірқатар азаматтармен кездесті. Олардың арасында ресми тұлғалар мен қатар зиялы қауым өкілдері бар. Ал Қазақстан саясаткерлері Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс төрғасы Жармахан Тұяқбайдың мәлімдемесіне қандай жауап береді екен, деп күтіп отыр. Саясаттанушылардың пікірінше, республика президенті әділ бағасын бермесе, онда мемлекеттегі саяси жағдай күрделене түсуі мүмкін. Cаясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедовтың ойынша, бұл мәселе желтоқсан айының 1 дейін шешілуі керек.

Бөріхан Нұрмұхамедов, саясаттанушы:

-Жаңа парламент жиналған уақытқа дейін, бұл мәселенің барлығы шешілуі керек. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз бағысын дұрыс бермейтін болса, онда республикадағы саяси жағдай күрделене түседі. Бұл іске Жармахан Тұяқбайдан басқада азаматтардың қосылуы мүмкін.

Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедовтың ойынша, Қазақстанның саяси өмірінде қалыптасып отырған қазіргі мәселені арнайы ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында шешу керек. Бірақ мұндай дөңгелек үстелді, саясаттанышуның пікірінше, президент жанынан құрылатын ұлттық комиссия ұйымдастыра алмайды. Қазанның 20 күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева басқаратын «Асар» партиясы арнайы мәлімдеме жасады. Онда республикада бар саяси партиялар президент жанынан құрылатын демократия мен азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысына ат салысуы керек, саяси партиялар республика президентіның ұсынысын пайладанып қалуы керек делінген. «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі Алтынбек Сәрсенбаев мұндай мәлімдемені қабыл алмайтынын айтты.

Алтынбек Сәрсенбаев, «Ақ жол» партиясының тең төрағасы:

-

«Ақ жол» партиясы ұлттық комиссияға Дариға Назарбаевадан бұрын, Нұрсұлтан Назарбаев шақырсада бармайды. Себебі біз жаз айларында президенттің ұлттық комиссия туралы үкімі шыққанда, қоғамды және президентті ескерткен болатынбыз. Демек, күздегі сайлау әділ өткен жағдайда ғана ұлттық комиссияға жұмысының мәні болады. Егер күздегі сайлау заңсыздықпен, бұрмалаушылықпен өтсе, бұл билікте саяси реформа жүргізуге ниет жоқ, дегенді білдіреді. Ал, ұлттық комиссияға келер болсақ, бұл елді, халықаралық ұйымдарды алдау болып табылады. Сол себептен біз сайлау әділ өтпегеннен кейін ұлттық комиссияның жұмысына қатыспаймыз, деп мәлімдедік. Себебі мұндай жасанды ұлттық комиссияның жұмысы мәнді болады, деп ойламаймыз.

Президент жанынан құрылатын ұлттық комиссия жұмысына Қазақстанның «Азаматтық» партиясы міндетті түрде барамыз, деп отыр. Бұл партияның жетекшісі Азат Перуашев комиссияның болашағына сенетінін жеткізді.

Азат Перуашев, «Азаматтық» партиясының жетекшісі:

-Мен ұлттық комиссиясының жұмысы нәтижелі әрі табысты болады, деп ойлаймын. Себебі бұл комиссияның дәрежесі Қазақстандағы демократия мен азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі тұрақты кеңестің дәрежесінен әлде қайда жоғары. Қазіргі комиссия президент жанындағы комиссия болды, сол себептен ұлттық комиссияның жұмысы табысты болады, деп сенімін.

Демократия мен азаматтық қоғамды дамытуды көздеген ұлттық комиссия жұмысына кейбір саясаткерлердің пікірінше, түрлі қоғамдық үйымдар мен саяси партия өкілдері қатысуы керек. Ал Қазақстан коммунисттерінің жетекшісі Серікболсын Әбділдинның пікірінше, бұл комиссияның жұмысы тиымды болуы қажет.

Серікболсын Әбділдин, Қазақстанның Коммунисттік партиясының жетекшісі:

-

Негізінен бұдан бұрын құрылған тұрақты кеңес елді алдау үшін құрылған болатын. Ұлттық комиссияны да көзбояушылықпен жасап отыр. Егер көзбояушылық орын алатын болса, бұл комиссия тұрақты кеңестің тағдырын қайталайтын болады.

Ал, саясаткер Әміржан Қосанов Қазақстандағы демократия мен азаматтық қоғамды дамыту мақсатында құрылатын ұлттық комиссияға сенімсіздікпен қарайды.

Әміржан Қосанов, саясаткер:

-Қазіргі кезде ұлттық комиссияның радикалды оппозиция өкілдерімен бірге кешегі сындарлы оппозиция болған азаматтар сыңға ала бастады. Біріншіден, біз мұндай комиссия нәтиже бермейтінін біліп отырмыз, себебі мұны тұрақты кеңестің жұмысы көрсетті. Екіншіден сайлаудан кейін Қазақстандағы саяси өмір өзгеріп кетті.

Әміржан Қосановтың пікірінше, Қазақстандағы саяси жағдайды жақсартып, мемлекет алдыға жылжу үшін, ата заңды өзгерту керек.
XS
SM
MD
LG