Accessibility links

Ауғаныстанның уақытша жетекшісі Хамид Карзай алғашқы демократиялық Ауған Президенттік сайлауларында жеңіске жеткен тәрізді


Дауыс беру қағаздарының 94 проценті саналып біткендегі жағдайға қарағанда, дауыс берушілердің 55 проценті Хамид Карзайды қолдап шыққан. Оның негізгі бақталасы бұрынғы Білім Беру Министрі Юнус Қануни жексенбі күні өз жеңілісін мойындады. Алайда, Қанунидің баспасөз уәкілі қазанның 9ы күнгі сайлау барысында болған заңсыздықтар туралы шағымдарының әлі де тексерілуін қалайтындығын атап өтті. Ауған Сайлау комисиясының ресми өкілдері дауыс беру қағаздары толық саналып бітіп, заңсыздықтар туралы шағымдар халықаралық комисия тарапынан өз бағасын алғанға дейін сайлаудың ресми нәтижелері жарияланбайтындығын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG