Accessibility links

Қазақстандықтар Республика күнін атап жатыр


Қазақстандықтар Республика күнін атап жатыр. 25 қазан күніне бірқатар мерекелік шаралар ескерілген. Дүние жүзінде республика күні белгілі бір елдің тәуелсіздік алған күнінде, немесе саяси бағытын өзгерткен күнінде, немесе, бұған дейін өлке болып, кейін мемлекет атанған күнде аталады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы территориясындағы елдермен салыстырғанда, Қазақстан егемендігін кеш жариялады, - дейді кейбір бақылаушылар. 16 желтоқсанда болған көтеріліс, тек біраз уақыт өткенсоң тәуелсіздік күні атанған. Бір елде екі мәрте республика және тәуелсіздік күні болғаны дұрыс емес,-дейді журналист Жұмабай Доспанов:

-Кейбір одақтас республикаларда қыркүйек айында бастап кеткен. Біз жалтақтап қазан айының 25-іне дейін апардық.

Қазақстандағы саясаттанушылардың бірі Берік Әбдіғалиевтің пікірінше, Қазақстан егемендік жариялағалы біршама жетістіктерге жеткен. Кеңес одағы кезіндегі декларация тәуелсіздік жолындағы ірі қадам болатын, - дейді ол. Берік Әбдіғалиевтің пікірінше, Қазақстанда соңғы 14 жыл ішінде егеменді тәуелсіз мемлекет қалыптасқан:

- Оның барлық атрибуттары бар. Әскер саяси жүйе, саяси жүйенің кемшіліктері бар шығар. Бірақ, тәуелсіз ел қалыптасқаны сөзсіз. Оны түсінбеген адамды оппозиция өкілі болса да, билік өкілі болса да оны Қазақстан мемлекетінің жауы деп атау керек.

Қазақстандағы саясаттанушылардың бірі Әзімбай Ғалидің ойынша, Кеңес одағында егемендік декларациясын қабылдау сол кездегі номенклатураның үлкен ерлігі ретінде бағалауға болады. Әзімбай Ғалидің мәліметінше, декларацияда автономиялық пиғылдар болса ол заңмен қудаланады делінген. Қазақстан халқы биліктің көзі делінген. Қазақстан заңдары ел территориясында Кеңес одағы заңдарынан үстем беген баптары бар. Бұл қайшылықтарды жойды дейді саясаттанушы. Әзімбай Ғалидәің пікірінше, Қазақстанда демократия бар ма деген сауалға осы декларацияның 17 пунктіндегі талаптар жауап бола аллады:

-Сол егемендікті нығайтудың нақты мәселесі қаралған. Қазақ тілін жандандыру, қалпына келтіру мәселесі қаралған. Елдің территориялдық тұтастығы қаралған.

Сол кезде демократияның негізі қаланған дейді саясаттанушы. Қазақстандағы ішкі әскерлер Қазақстанға бағынады делінген. Бұл төңкеріс болмау мәселесінің қарастырылғандығының айғағы. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда, Қазақстанда қабылданған құжаттың кештігі болмаса, тиімді тұстары басым, - дейді саясаттанушы Әзімбай Ғали:

-Грузия Әзірбайжан Армения Молдавия Тәжікстанмен салыстырғанда, Қазақстанда мемлекет құру барысында консенсус болды. Бұл елдерде бейресми қозғалықтармен ресми билік арасында қайшылқтар болған, ал Назарбаев ондай қайшылықтарға жол берген жоқ.

Астананың орталық көшелерінде сауда қатарлары, алтыбақандар орнатылған. Концерттік сахналарда Қазақстанның эстрадалық жұлдыздары өнерлерін көрсетіп жатыр. Қалада бірнеше спорттық жарыстар ұйымдастырылған. Бірақ, ауа райы салқын. Астана көшелерінде адамдар әдеттегі мерекелермен салыстырғанда көп емес. Ауа райының салқындығына қарамастан, көшеге шыққан Астана тұрғындары республика күнінде көңілдері көтеріңкі екендігін жеткізді:

-Әттегенай дейтін жерлер бар. Бірақ ынтымақ бар. -Қазақ деген сөздің өзі бостандық деген сөзге ұқсайтын сияқты. Бүгінгі мейрам Қазақстанның бұрыннан бері армандаған азаттық алудың күні. -Тойлап жатырмыз. Әліде халықтың жағдайы көтерілген жоқ, жұмыссыздар бар, біздің зейнетақы қорының не болатынын айта алмаймыз. -Көкеміз, үлкен әкемізге рахмет дейміз. -Бәріміз тәуелдіміз, жақсымыз. Мұндай адам қайда бізге, мемлекеттің тоқтығын, аманшылығын сақтап отыр.

Сондықтан бұл бізге ыстық, - дейді қала тұрғындарының өкілдері. Жұмыс істеген жерде кемшілік болмауы мүмкін емес, дейді Астаналықтар. Бастысы, бағыттан таймау керек, - дейді кейбір қала тұрғындары.
XS
SM
MD
LG