Accessibility links

Грузия үкіметінің хабарлауынша, Эдуард Шеварнадзе президент болып тұрған тұсында ішкі істер министрі болған кісі тұтқындалды


Грузия үкіметінің хабарлауынша, Эдуард Шеварнадзе президент болып тұрған тұсында ішкі істер министрі болған кісі тұтқындалды. Коба Нарчемашвили кеше кешкісін Шеварнадзенің өткен аптада дүние салған әйелінің жерленуінен қайтқан сәтінде тұтқындалды. Грузин Бас прокурорының орынбасары Георгий Джанашияның мәлімдеуінше, бұрынғы ішкі істер министріне Э.Шеварнадзені биліктен түсірген бейбіт төңкерістен 1 күн бұрын елге ядролық материалды алып кіруге заңсыз рұқсат етті, қызмет бабын жеке басының пайдасына асыра пайдаланды деген айыптар тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG