Accessibility links

Литвада парламент сайлауының екінші туры болып, бастапқы мәліметке қарағанда, бірінші турдағыдай, Ресейден шыққан кәсіпкер Виктор Успаскихтың Еңбек партиясы көпшілік дауыс жинады


Парламент сайлауының қорытындысы шығысымен Литвада жаңа коалициялық үкіметті жасақтау мәселесі бойынша келіссөз басталады деп күтілуде. Сайлаудың кеше болып өткен екінші турында да ешқандай партия парламенттегі 141 орынның басым көпшілігіне ие бола алмады. 2 турда Ресейден шыққан кәсіпкер Виктор Успаскихтің Еңбек партиясы 39 депутаттық мандатқа ие болса, социал-демократтар мен социал-либералдық партиялардың билік басындағы коалициясы 31 орынға, консервативтік “Отан одағы” партиясы 25, тағы бір партия 18 мандат алды. Қазіргі премьер-министр Алгирдас Бразаускас үкімет басында қалуға тырысып көретінін мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG