Accessibility links

Сайлаудың алдын ала нәтижелеріне қарағанда, Ауғаныстаннның уақытша жетекшісі Хамид Карзай Ауған Президенттік сайлауларында ең көп дауыс алған


Алайда, ол әзірге сайлаудың жеңімпазы деп жарияланбай отыр. Мамандандырылған кеңес басқа үміткерлердің дауыс беру барысында заң бұзушылықтар орын алды деген мәлімдемелерін әлі тексеріп болған жоқ. Сайлаудың ресми нәтижесі жарияланғанға дейін әлі де бір апта уақыт өтуі мүмкін. Бүгін таратылған сайлау нәтижелеріне қарағанда, Карзай қазанның 9ы күні болған Презіденттік сайлаулар барысында дауыс бергендердің жарымынан астамының қолдауын алған. Әзірге жеті жарым миллионға таяу дауыс беру қағазы саналып біткен. Бұл дауыстардың 55 процентке таяуын Карзай алса, оның ең негізгі бақталасы Юнус Қануни 38 жарым процент қолдау дауыс алған.
XS
SM
MD
LG