Accessibility links

Ирақ полициясы Бақуба қаласынан 50 шақырым оңтүстікте Ирақ жаңа армиясының 49 жауынгерінің мәйітін тапқанын хабарлап отыр


Хабарға қарағанда, белгісіз біреулер 49 жауынгерді етпетінен жатқызып барып атқан. 49 жауынгердің мәйіті кеше және бүгін табылған. Ирақтан келген ендігі бір хабарға қарағанда, Американ әскери ұшақтары бүгін Фаллуджада көтерілісшілердің бекінісі деген күдікпен бірнеше жерге шабуыл жасаған, натижесінде 5 адам мерт болған. Қаладағы аурухана қызметкерлерінің айтуынша, өлген 5 адамның бәрі де әскери емес адамдар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG