Accessibility links

Алматыда Азиядағы Өзара Іс-қимыл және Сенім Шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің министрлер кездесуі болды

  • Досан БАЙМОЛДА

Қазанның 22 сі күні Алматыдағы «Анкара» қонақ үйінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес яғни АӨІСШК –ек мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі болып өтті. Оған осы ұйымға мүше 17 мемлекеттің өкілдері және осы ұйымға бақылаушы мәртебесіндегі 9 мемлекеттің өкілдері сондай ақ БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам конференциясы ұйымы секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Алматы кездесуінде АӨІСШК нің басты құжаты болып табылатын Сеніңм шаралары Катологын, Кеңестің ішкі ереже тәртіптері жөніндегі құжатын және министрлер кеңесінің декларациясы секілді құжаттар талқыланып, қабылданды. Алматы кездесуі басталардан бір күн бұрын яғни қазанның 21 і күні Тайландия елі осы ұйымға мүше болып қабылданды. Тайландия сыртқы істер министрі Суракиарт Сатиратай форумның негізгі құжаттары Алматы актісі мен АӨІСШК декларациясына қол қойды. Алматы кездесуін Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев ашып Тайландияның осы ұйымға мүше болып ілескендігін салтанатты түрде жариялады. Оның айтуынша АӨІСШК ға мүше болып ілескісі келетін елдер саны көбейе түскен. Мысалы Беларусь, Сауд Арабиясы, Сингапур, Шри Ланка секілді елдер әзірше бақыоаушы мәртебесімен қабылданғанығ мәлімдеді. Кездесуге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып сөз сөйледі. Ол өзінің сөзінде алғаш, 1992 шы жылы БҰҰ ның Бас ассемблеясының биік мінберінде Азиядағы сенім шараларын құру туралы ұсынысының іске асып, ілгері қадам басқанына тоқтала отырып ең әуелі осыған қолдау көрсеткен кеңеске қатысушы елдер басшыларына деген өзінің ризашылық сезімін жеткізді. Ол сондай ақ бүгінгі күні әлем алдындағы, Азия құрлығы алдындағы терроризм қаупі, аштық, кедейшілік, жұмыссыздық, экономикалық жағдайдың ауырлауы, түрлі жұқпалы ауырулардың таралуы секілді қиыншылықтарға қарсы күресу жолдары туралы айта келе ең негізгісі әрбір мемлекет өзіндегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге ат салысулары керек екендігін айтты. Кездесуде сөз сөйлеген министрлер Азия құрлығындағы қандай бір қақтығысты жағдайды, шиеленсіті жағдайды бейбіт жолмен келіссөздер арқылы шешудің тиімділігін айта отырып осы мәселеде Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің маңыздылығын жоғары бағалады. Осы ұйымның хатшылығын 2006 шы жылы өтетін АӨІСШК тің суммиті кезінде талқылап шешуге келісті. Кездесу қортындысында негізгі құжат Сенім шаралары туралы католог қабылданды.
XS
SM
MD
LG