Accessibility links

Гүржістаннан бөлініп отырған Оңтүстік Осетия аймағындағы бірнеше ауыл бүгін оқ астына алынды


Гүржістан İшкі İстер Министрлігінің баспасөз уәкілі Гурам Донадзенің айтуынша, белгісіз біреулер грузиндер тұратын Тамарашени және Ачебети ауылдарына қарсы автомат пен гранатаметтен оқ атқан. Адам шығыны жоқ, бірақ бірнеше үйге зақым келген. Аймақтағы Ресей, Грузин және Оңтүстік Осетия біріккен бейбітшілік сақтау жасақтарының қолбасы генерал майор Марат Құлахметовтың айтуынша, оқ ауылдан да, ауылға қарай да атылған.
XS
SM
MD
LG