Accessibility links

Билік экстремизмді желеу етіп, оппозицияны ауыздамақ дейді кейбір саясаттанушылар


Қазақстандық бірқатар саясаттанушылар ел билігінің соңғы уақыттағы экстремизм мен лаңкестікке қарсы шараларды үдете түсуінің астарында саяси мүдделердің жатқандығын айтып отыр. Осы жағдайды пайдаланып, жоғары билік елдегі оппозициялық күштердің бой алып кетпеуіне тосқауыл қою жағын қарастырып отырғаны байқалып қалды дейді әлгі сарапшылар. Әйтпесе, дәл қазір Қазақстанда аталған жайттардан төніп тұрған соншалықты қауіп жоқ дейді олар.

Қазақстанның жоғарғы билігі көрші елдердегі бой көтерген кейбір экстремистік әрекеттерге сүйене отырып және елдегі аталған бағыттағы болмашы жағдайларды желеу етіп, оны өз мақсатына пайдаланбақ деген болжам айтады кейбір саясаттанушылар. Алайда бұл қадам болашақта билікке абырой әпере қоймайды дейді олар. Мұның орнына әлгі сарапшылар биліктің Қазақстандағы экстремизм мен лаңкестіктің алдын-алуға қатысты нақты бағдарламалар түзіп және халықты болуы мүмкін қауіптің алдын-алуға, оған жол бермеуге дайындау мүмкіндіктерін қарастырса деген ұсыныстарын білдіруде. Сондай-ақ аталған қауіптерге қарсы шараларды іске асыру мен қоғамға төнетін кез-келген қауіпті болдырмау мүмкіндігін қарастырып, жұртшылықты және құқық қорғау органдарын хабардар етіп отыратын БАҚ-на маңыз берілуі қажет дейді олар. Себебі, әлемдік тәжірибе бойынша, аталған қауіптердің алдын-алуда тиісті орындардың барлығы қоян-қолтық жұмыс істегенде ғана нәтижеге қол жетеді
XS
SM
MD
LG