Accessibility links

Алматыда Адам Құқығы жөніндегі Freedom House ұйымы жаттықтыру сабағын өткізе бастады

  • Досан БАЙМОЛДА

Адам құқығы жөніндегі «Freedom House» ұйымы мен АҚШ тың Даму Бағдарламасы яғни USAID екеуінің бірлесіп ұйымдастыруымен Алматыда қазанның 26 сынан бастап қазақстандық адам құқығын қорғаушыларға арналған тренинг-жаттықтыру сабақтары басталды.

Оған Қазақстанның Алматы және Астана қалаларынан және Павлодар,Қарағанды,Қостанай және Шымкент секілді облыстардан келген барлығы 12 адам қатысып отыр. Қазақстандағы адам құқығы мәселесіне арналған осындай тренинг жаттықтыруды өткізудің мақсаты жөнінде Freedom House ұйымының Қазақстандағы өкілі әрі осы ұйымның Қазақстандағы адам құқғын қолдау және оқыту бағдарламасының директоры Антонио Станго радиомызға былай деді: Бұл жолғы жаттықтыру сабағын өткізу үшін Варшавадан, Польшадағы адам құқығы жөніндегі Хельсинки қорының арнайы өкілі Богна Хмелевска ханым арнайы Алматыға келіп отыр. Ал Қазақстанның 4 облысы мен екі қаласынан келген 12 адам осы жолғы тренинг сабақтың нәтижесінде адам құқығы саласының мамандары болып шығады. Олар болашақта тренер жаттықтырушылар ретінде осы бағдарлама бойынша осы адам құқығы саласында жұмыс істейді. Адам құқығы саласында 23 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Антонио Станго сондай ақ Freedom House ұйымы Қазақстанды еркін әрі ашық мемлекет ретінде көрмейтіндігін айтты. Оның айтуынша Қазақстандағы адам құқығының сақталуы жағдайы әрине кемшіліктерге толы бірақта бұл жағдайдың өте төмен немесе тіптен нашар екендігін білдіріп отырған тағыда емес.

Бұл салада Қазақстаннан да нашар одан да төмен мелекеттер бар болып отыр. Freedom House өкілінің айтуынша Қазақстанда халық өкіметті ауыстыра алмайды, оған шамасы келмейді және де Қазақстанда сөз еркіндігі, баспасөз бостандығына шектеулер бар. Түрмедегі адамдардың құқықтары туралы айту қиын, бұл Қазақстанда аяққа тапталыр жатқан мәселе дейді ол. Алматыдағы адам құқығы саласындағы тренинг сабақты өткізуге келген Польшаның адам құқығы жөніндегі Хельсинки қорының өкілі Богна Хмелевска ханым Қазақстан үшін ең алдымен азаматтық құқық және саяси құқық туралы халықаралық келісім шартты қабылдап бекіту ісі аса маңызды іс болмақ екендігін айтты. Тренинг жаттықтыру сабағы қазанның 29 на дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG