Accessibility links

АҚШ-тағы кезекті президент сайлауына бір апта қалғанда, кеше президент әрі республикалық партияның үміткері Дж.Буш пен сенатор-демократ Джон Керри сайлаушылар алдында Ирақ проблемасын саудаға салды


АҚШ-тағы кезекті президент сайлауына бір апта қалғанда, кеше президент әрі республикалық партияның үміткері Дж.Буш пен сенатор-демократ Джон Керри сайлаушылар алдында Ирақ проблемасын саудаға салды. Висконсин штатының Грин-Бей қаласындағы сөзінде Джон Керри өз бақталасын Ирақтағы келеңсіз құбылыстарды, оның ішінде – Ирақта 350 тоннаға жуық жарылғыш заттың із-түссіз жоғалуын сайлау аяқталғанша жасырып отыр деп айыптады. Оның мәлімдеуінше, АҚШ-тың Ирақтағы іс-әрекеті қымбаттай түсті. Аталмыш штаттың басқа жерінде сөйлеген Дж. Буш Керридің терроризмге қарсы төтеп бере алуына күмән келтірді.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG