Accessibility links

Еуропа Одағының атқарушы комиссиясы – ЕуроКомиссияның жаңа құрамына Еуропарламенттің бүгінгі отырысында қарсы дауыс берілуі мүмкін


Еуропа Одағының атқарушы комиссиясы – ЕуроКомиссияның жаңа құрамына Еуропарламенттің бүгінгі отырысында қарсы дауыс берілуі мүмкін. 732 депуттан тұратын Еуропарламенттегі партиялар мен фракциялар ЕуроОдақ президенттігіне отыратын Хосе Мануэль Боррозо бастаған жаңа ЕуроКомиссияны, оның құрамына Боррозо ұсынған әділет министрі Рокко Буттилионенің айтқан бір талас пікірі үшін, мақұлдамай қоюы мүмкіндігін ескертті. Буттилионе – гомосексуализмді күнәһарлық деп бағалап, әйел мен неке туралы кертартпа пікірі үшін ащы сынға тап болған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG