Accessibility links

«Қазақстанды темекі түтінінен азат ету» атты жаңа ұлттық ұйым құрылды


«Қазақстанды темекі түтінінен азат ету» атты жаңа ұлттық ұйымның құрамына темекіге қарсы күресетін және денсаулықты нығайту бойынша жұмыстар жүргізетін мемелекеттік және қоғамдық бірлестіктер мен дәрігери қауымдастықтар кіріп отыр. Қазанның 27 сі күні Алматыда, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларын зерттейтін ұлттық орталықта болған кездесуде осы орталықтың бас директоры Қазбек Төлебаев жаңадан құрылып отырған ұйымының мақсаттары жөнінде былай деді: «Қазақстанды темекі түтінінен азат ету» ұлттық каолициясы Қазақстанда темекіге қарсы күресті басқарып, халықтың денсаулығын қорғау, нығайту үшін жұмыстар жүргізеді. Сондай ақ темекіге қарсы күрес бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының конвенциясын енгізу оны Қазақстан парламенті тарапынан мақұлдатып бекіткізу жұмыстарымен айналысады.

Қазақстанда 90 шы жылдардан бастап темекі шегу бір адамға шаққанда 2,2 есеге көбейген. Бүгінгі күні Қазақстан халқының 28 проценті темекі шегеді деген мәлімет бар. Бұл Қазақстан халқының 1/3 не жуығы яғни 5 милионға жуық адам темекі шегеді дегенді білдіреді.

Қазақстанда жүргізілген зерттеулер бойынша соңғы жылдары Қазақстанда темекі шегушілердің жалпы саны сал төмендегенімен бірақта темекі тартатын қыздар мен жас әйелдердің саны арта түскен. «Жастар және темекі» атты сауалнама қортындысында 13-15 жас арасындағы оқушылардың 12,7 проценті күнделікті темекі шегеді, алайда олардың 75 проценті темекі шеуді тастағысы келеді екен. Темекі шегетін осы оқушылардың 76 процентінің әкесі ал 46 процентінің анасы үйінде темекі шегеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2003 жылы таратқан мына бір мәлімдемесіне қарағанда темекі шегу салдарынан күн сайын әлемде 13 мыңнан астам адам қайтыс болады екен, яғни әрбір 6,5 секундта бір адам қайтыс болады. Ал Қазақстандағы жағдайға келер болсақ онда күн сайын осы темекіден болып 70 ге жуық адам қайтыс болады. Бұлардың көпшілігі 35-69 жас арасында. Темекі шегуден болып адамның ең алдымен тыныс алу жолдары, өкпе бронхтары ауыруға ұшырайды. Соңғы кезде қатерлі ісік ауырулары арасынан бірінші орынға шыққан өкпе қатерлі ісігінің 90 процентейінің себебі осы темекі шегушілік салдарынан екендігін дәрігерлер анықтап айтып отыр. Алматыдағы Медицина Университетінің ректоры Талған Муминовтың айтуынша жаңа ұйым өз жұмысын Қазақстанда темекі шығаратын шетелдік фабрикалардың иелеріне, мемлекеттің жоғары лауазымды қызметкерлеріне, үкіметке түрлі ұсыныс, өтініш, ескертпелер жасау тіптен керек жағдайда қыспақ жасау арқылы жүргізбекші.
XS
SM
MD
LG