Accessibility links

Еуропа комиссиясын сайлау кейінге қалды


Еуропа комиссиясы президентінің қызметіне кірісіп жатқан Мануэль Дурау Баррорзу жаңа Еуропалық комиссиясына ұсынған кандидаттардың тізімін кері қайтарып аламын, жаңа тізім жөнінде ақылдасуға біраз уақыт керек деді бүгін. Бұған Еуропа парламентінің Рокко Буттильоненің кандидатурасына қатысты қарсылығы түрткі болды. Италияндық Рокко Буттильоне гомосексуалистер және жалғыз басты әйелдер жөнінде жағымсыз пікір білдіріп, Еуропа парламентінде сынға тап болды. Рокко Буттильоненың кандидатурасы тізімге қосылса Еуропа одағының үйлестірушілігіне ұсынылыған барлық тұлғаларға қарсы дауыс береміз деді Еуропа парламентінің кейбір депутаттары.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG