Accessibility links

Қазақстан демократтары халықтың пікірін білгісі келіп отыр


Қазақстанның «Ақ жол» партиясы жалпы республикалық референдум ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы қазанның 27 күні «Ақ жол» партиясының тең төрағалары жариялады «Ақ жол» партиясы референдум арқылы бірнеше мәселе бойынша, халықтың пікірін білігісі келіп отыр. Ең алдымен ақжолдықтар «Әкімдер сайланбай ауыл шаруашылығына жарамды жерлерді сатпау керек пе ? « 2005 жылдан бастап, ауыл, аудан әкімдерін сайлай бастау керек пе?» -деген сұрақтарға жауап алғысы келеді. «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі Әлихан Бәйменовтың айтуынша, бұл көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Әлихан Бәйменов, «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі:

-

Осыдан 6 жыл бұрын Конституцияға өзгеріс енгізіліп, сонда әкімдерді сайлаудың мүмкіндігі пайда болған. Сонымен қатар, бұл өзгертулер президенттің бастамасымен енгізілген болатын, бірақ 6 жыл болды бұл өзгерістер жүзеге асқан жоқ. Талай рет осының қажеттілігі туралы айтылып жүр, бірақ билік тарапынан бұл кейінге қалдырылып, уақыт ұтуға бағытталған шара екеніне көзіміз жетп отыр. Сол себептен біз халықтың тікелей пікірін сұрап, 2005 жылы әкімдердің сайлауын енгізу керек дегенді айтып отырмыз.

Ақжолдықтардың халыққа қойғысы келіп отырған сұрақтар қатарында: «Мәжіліс құрамында бар депутаттардың тең жартысы саяси партия тізімі арқылы сайланған депутататтар болу үшін ата заңға өзгеріс енгізу керек пе?»

« Мемлекетке шикі заттан түсетін кірісті Қазақстан азаматтарынының барлығына тең дәрежеде бөлетін жүйе енгізу қажет па?»

« Өткен парламент сайлауы заңды емес, сол себептен қайта сайлау өткізу керек, деп есептейсіз бе?»- деген сұрақтар бар. «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі Алтынбек Сәрсенбаевтың ойынша, референдум арқылы қоғамды өзгертуге болады.

Алтынбек Сәрсенбаев, «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі:

-Бұл мәселелерді референдумға алып шығып, халықтың ішінде талқылаудың өзі біздің қоғамның сапасын өзгертеді. Себебі сайлауға дейнгі Қазақстан қоғамымен, сайлау өткеннен кейінгі Қазақстан қоғамы арасында айырмашылық барын байқап отырмыз. Ал, өзекті, өткір мәселелердің талқылануы үлкен өзгерістерге алып келеді. Біз осыны ескеруіміз керек.

Ақ жолдықтардың сөзіне жүгінсек, олардың референдум ұйымдастыру туралы шешімін Қазақстанның демократиялық күшетері қолдап отыр. Қазақстанның коммунисттік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин ресми астана демократтардың жоспарына бөгет жасауы мүмкін дегенді айтады.

Серікболсын Әбділдин, Қазақстанның Коммунисттік партиясының жетекшісі:

-

Барлық құжатты әзірлеп апарғанымен бір ілік табылады. Мәселен, жерді сатпау туралы референдум өткіземіз дегенде, референдумға қол қойған адам Серікболсын Әбділдин Астанада тұрмайды , деп ілік жасаған. Ал негізінен, мен сол кезде, қазіргі кезде де Астанада тұрамын. Жоқ жерден сылтау тауып, референдум өткізуге рұхсат бермей қоюы мүмкін.

Ресми Астана саясатын қолдайтын мәжіліс депутаттарының бірі, «Отан» партиясының мүшесі Серік Әбдірахманов ақжолдықтар көтерген мәселені қолдайды, бірақ бұл мәселе бұрыннан бері айтылып келе жатыр, дейді ол.

Серік Әбдірахманов, парламент мүшесі:

-

Енді «Ақ жол» партиясы сайлауда ұтылып қалды ғой. «Атың шықпаса, жер өрте» деген қазақтың сөзі бар. «Ақ жол» партиясының әрекетін мен осылай түсінемін. Олар референдумды саяси ұпай жинау үшін ұйымдастырып отыр. Жалпы көтеріп отырған мәселесі дұрыс, Конституцияда әкім сайлануы керек деп айтылған. Бұл мәселені «Отан» партиясының құрылтайында президенттің өзі де көтерген, сол себептен «Ақ жол» партиясы жаңалық ашып отырған жоқ. Ақжолдықтар көтеріп отырған мәселе бұрыннан бері айтылып келе жатыр, дегенді «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясыда растап отыр. Бірақ бұл партия ақдолдықтарды толығымен қолдауға дайын, дейді «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Батырхан Дәрімбет.

Батырхан Дәрімбет, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясы саяси кеңесінің мүшесі:

-Қазақстандағы демократиялық даму барысы тежеліп қалды. Әсіресе мынау сайлау жүйесінде біздің Қазақстан демократиялық елдердің ең соңына қарай ойысып жатыр.

Референдум ұйымдастыру жөніндегі комитеттің алғашқы отырысы қазанның 30 күні болады, деп жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG