Accessibility links

Экстремистердің тұтқынында отырған халықаралық гуманитарлық CARE ұйымының Ирақтағы кеңсесінің директоры М.Хассан ханым Лондонды Ирақтан қарулы күштерін шығаруға үндеп, тұтқындағы барлық Ирақ әйелін босатуды өтінеді


Арабтардың Әл-Джазира телекомпаниясы экстремистердің тұтқынында отырған халықаралық гуманитарлық CARE ұйымының Ирақтағы кеңсесінің директоры Маргарет Хассан ханымның Ұлы Британияны Ирақтан қарулы күштерін шығаруға үндеп, тұтқындағы барлық Ирақ әйелін босатуды өтінген жаңа бейнесюжетін көрсетті. Маргарет Хассан, сонымен қатар, гуманитарлық ұйымның Бағдадтағы кеңсесін жабуды өтінеді. Кеше Ирақтағы британдық 850 жауынгерді Бағдадтың маңайына көшіру басталды. Олар АҚШ армиясының бір бөлімшесін алмастыруға тиіс.
XS
SM
MD
LG