Accessibility links

АҚШ президентігіне үміткерлер – президент Дж.Буш пен сенатор-демократ Джон Керри – кешегі сайлау науқанында таяуда Ирақта 340 тонна жарылғыш заттың із-түссіз жоғалуы тақырыбын қозғады


АҚШ президентігіне үміткерлер – президент Дж.Буш пен сенатор-демократ Джон Керри – кешегі сайлау науқанында таяуда Ирақта 340 тонна жарылғыш заттың із-түссіз жоғалуы тақырыбын қозғады. Джон Керри бақталасын: Ирақтағы қару-жарақ пен жарылғыштар қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай, Ирақтағы АҚШ армиясы мен американ азаматтарының басын қатерге тікті деп айыптады. Бұл, оның сөзімен айтқанда, “ұлғайып келе жатқан жанжалдың бірі ғана”: “Бұл – өсіп бара жатқан жанжал. Америка халқы Ирақта не болғанын және президент Буштың не істегелі жатқанын толық та ашық тергелуін қажет етеді”, -деп мәлімдеді Джон Керри.
XS
SM
MD
LG