Accessibility links

Үкімет Қазақстанда туған және бұрын тұрып бертін келе көшіп кеткен шетел азаматтарының қайта оралуына жеңілдіктер қарастырмақ

  • Ескендір ЕРТАЙ

Қазақстанның Үкіметі Парламент депуттарының бастамасын қолдап, бұрын Қазақстанда тұрып бертін келе шетелге көшіп кеткен азаматтардың қайта көшіп келуіне қолайлы жағдай жасауды көздеуде. Үкімет бұған дейін шетел азаматтарының қайта көшіп келіп орналасуы үшін отбасының әр мүшесіне 15 шаршы метрден тұрғын үй сатып алуға қаржысы бар екендігін дәлелдеуі тиіс деген ұстанымда болатын. Осы құжаттарды заңдастыратын заң жобасы Парламент Мәжілісінің қоржынына түсті. Бұған мамандардың пікірлері әрқилы.

Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижанның айтуынша, бұрынғы «Көші-қон туралы» заңда бұл мәселе қарастырылған. «Алайда, Қазақстанға қайта көшіп келушілердің көбеюіне байланысты Мәжіліс депутаттары Виктор Веснин мен Хамит Әмірғожин Үкіметке жаңа ұсыныспен шығып отыр. Олар Үкімет белгілеген сома үш адамнан тұратын отбасына 30 мың доллар көлемінде қаржы болуы талабы тым жоғары екендігін айтып отыр»,-дейді Уәлихан Қалижан мырза.

Қазақстанның көші-қон агенттігі төрағасының орынбасары Әлімжан Құртаев Қазақстанға көшіп келуші оралмандарға ешқандай қиындық жоқтығын бұл заң жобасының басқа ұлт өкілдеріне арналып отырғандығын айтады. «Олар Қазақстанның экономикалық құлдырауы кезінде көшіп кеткен орыстар, украиндар мен басқа да ұлт өкілдері болып табылады,-дейді.

Ал, Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижан оның тек қана шетел азаматтары ғана емес оралмандық мәртебесі жоқ қазақ азаматтарына да тиесілі болады деген пікірде.

Үкіметтік отырысқа қатысқан көші-қон полициясы департамент төрағасының орынбасары Алексей Сергеевтің басқаша пікірде екендігі туралы департаменттің баспасөз қызметкері Әли Сұлтанов:»Қазақстанға көшіп келуші шетел азаматтарының айтылған соманы растайтын құжаты болуы міндетті түрде тиіс»,- дейді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижан Парламент Мәжілісінің қоржынына келіп түскен екі заң жобасында бұрынғы «Көші-қон туралы» және «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық ережесі туралы» заңына Үкіметтің оң қорытындысы бар деп отыр.

Үкіметтің заңына өзгерістер мен өзгертулер енгізуді талап етіп отырған депутаттар Виктор Веснин мен Хамит Әмірғожин пікіріне қарағанда, Қазақстанға қайта көшіп келгісі келетін шетел азаматтарының 80 пайызға жуығы еңбекке жарамды. Маман кадрлер. Олардың көшіп келуінен республика бюджетіне ешқандай шығын келмейтін көрінеді.
XS
SM
MD
LG