Accessibility links

Латвия үкіметі бүгін биліктен кетті


Парламент бас министр Индулис Емсис ұсынған 2005 жылдың бюджет жобасын мұның алдында қабылдамай қойған еді. Бас министрді Жасылдар және Дихандар одағы партиялары қолдады, Латвияның Тұңғыш партиясы мен Халық үйлесімдігі, Латвия Социалистік партиялары да қолдады. Бірақ билік басындағы Жетекші Халық партиясының, оппозициялық Жаңа заман, Отан және Бостандық, Адам құқықтары және Біріккен Латвия партиялары бюджет жобасын кері қайтарып тастады. Парламентте 100 орын болса, билік партияларының бірлестігі тек 47 мандатқа ие. Бұл партиялар билікке наурыз айында келген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG