Accessibility links

Ясир Арафаттың денсаулығы күрт нашарлады


Израил бас министрі Ариель Шарон Палестина бас министрі Ахмед Кюреймен сөйлесіп, төсек тартып қалған Ясир Арафатты шетелге емдетуге шығарса болады деп келісті. Израил бұдан бұрын Ясир Арафатқа Батыс Жағалаудан шықса болады, бірақ кері қайтуына тиім салынуы мүмкін дейтін. Палестинаның "Әл-Фатах" партиясының шетелдерде жүрген басшыларына дереу елге қайту бұйырылды. Қатынас министр Аззам Ахмед кез-келген жағдайға дайындалып отырмыз деп айтты. 75-жасар Ясир Арафат екі апта тұмаулатып жатып қалған. Арафатты бүгін иорданиялық дәріге-неуролог Ашраф Курди басқаратын топ келіп көрмек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG