Accessibility links

Шіркеу жүдеген қоғамдарды қайта құра бастады

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Дін жүдеген адамдарды, бұзылған қоғамдарды түзете алатын ерекше күш құдіретке ие. Ол адамзатты ізгі армандарға жетелейді. Бірақ діни сезім кейде кері жағдайларға да итермелеуі мүмкін. Православия шіркеуінің есебі бойынша, Албаниядан Ресейге дейін 200 млндай дінге сенуші қауым бар екен. Бірақ ол елдердегі бұрыңғы коммунистік идеология кесірінен және коммунизм күйрегеннен кейінгі кездегі ұлт аралық жанжалдардан бұл аймақта көптеген қырғын, бүлінушілік жағдайлыры орын алды.

Кейбіреулер шіркеу қоғамды қайта құруға көмектесуі керек десе, басқалар өзінің ұлтшылдықпен байланысына орай шіркеу проблема – мәселе туғызуы да мүмкін, дейді.

Сербтерден өздерінің жүрегіне жақын, құрметтейтін тәрбие ошағы жөнінде сұрағанда олар нені атауы мүмкін ? Ондай тәлім-тарбие орындары жөнінде сауал қойылғанда сербтер алдымен, православия шіркеуін атайды. Бұл жөнінде діни мәселелерді көбірек талдайтын Белграттық журналист Бранко Биелайец тілшімізге былай дейді. - Сербиядағы православия шіркеуі сербия халқының ежелден келе жатқан діни тәрбие орны. Ол шіркеу өз тарихында көптеген қыйыншылықтарды басынан өткізген, уақыт сынынан өткен. Сондықтан халық оған барынша сенеді, - дейді журналист.

Сарапшылардың айтуынша, Сербия және өзге де бір қатар елдердегі православия дінін ұстанатын қауым бір неше жылдық соғыс және саяси жанжал, төңкерістерден кейін қайта құру үдерісіне кіріскен. Бұл діни сенімді олар ұтымды пайдаланады. Олардың айтуынша, дәстүрлі християн дініндегі төзімділік, қайрымдылық , аяушылық сықылды сезімдер, қасиеттер ұлттық саяси бөлінушіліктен бүлінген қоғамды жөндеуге, емдеуге қажетті нәрселер.

Афинадағы университет профессоры саясат және православия бойынша көптеген еңбектердің ауторы Китромилидестің айтуынша, шіркеудің пост-коммунистік елдерге берері көп. Бірақ оның пікірінше, шіркеу алдымен өзін ежелгі ұлтшылдық, әсірешілдік қасиеттерінен тазалап алуы керек екен. -Православия шіркеулері ұлтшылдықтан жырақтаса, онда коммунизм, тоталитаризм кесірінен бүлінген қоғамдарды рухани жағынан қайта тәрбиелеуге үлкен үлес қосқан болар еді. Бұны қазіргі Албания мысалында көруге болады. Бірақ ұлтшылдықтан құтылмастан бұрын шіркеу өзінің негізгі миссиясын орындай алмайды, - дейді афиналық ғалым.

Албания 1990-жылдардың басында мәжбүрлеп енгізілген құдайсыздық – атеизмнан құтыла бастаған кезде Католик, Православия және Ислам дініне қарай қайта бет бұрды. Міне сол кезде Албанияның архиескопы Анастасиос түрлі діни басшылықпен қызметтесе отырып, өзара діни ынтымақтастықта өмір сүруге мүмкін екендігін дәлелдеді. Белграттағы қазіргі заман тарихы институтынан тарихшы ғалым Радмила Радичтің айтуынша, шіркеудің әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызы зор. Сондықтан ол өткенде ойнаған кейбір саяси рөлінен бас тартатын болар. - Меніңше шіркеу рухани құндылықтарды қайтарып, босқындарға, жетімдерге, ауру адамдарға, есірткімен уланған жастарға көмектесіп, ішімдік, жезөкшелікке қарсы күресуде маңызды рөл ойнайды. Бірақ Сербиядағы шіркеу саяси партиялардың саяси күрестеріне араласпағанда ғана көпшілікке пайда келтірмек. Мен үшін ең маңыздысы осы, - дейді тарихшы.

Соныменен, коммунизм күйреп, атеистер көзден таса болғалы бері шіркеудің қандай игі табыстарын атап өтсе болады ?

Сербиялық журналист Биелайецтің айтуынша, бұл салада алғашқы игі қадамдар бар. Мектептерде 2001-жылдан бері таңдау негізінде діни сыныптар ашыла бастаған. Нәтижесі алда десекте, ондай шаралар ата-аналардың ойынан шығып отыр екен.

Енді, Еуропадан нағыз коммунистік аймақ, бұрыңғы советтік одақ елдеріндегі шіркеу жағдайына да тоқтала кетсек. Алдымен бұрыңғы одақтағы ең үлкен республика Ресейде православия шіркеуі, 70 жыл бойы қудаланған, езілген дінді қайта жандандыруға одақ құлағаннан кейін бірден-ақ кірісті. Осы арда Ресейдегі жалпы діни жағдай жөніндегі статистикаға да бір сәт тоқтала кетсек. 1917- жылғы болшевиктік төңкеріске дейін Ресейде 77 000 шіркеу болса, коммунизм күйреген кез 1991-жылға келіп, сол Ресейде 6 000 ғана шіркеу қалыпты. Яғни, оның саны 11 – 12 есеге дейін кеміген, дәлірегі қиратылған. Міне сол шіркеу саны соңғы он жылда 19 мыңға жеткен. 1980-жылдары орыс православия шіркеуінде сыртқы байланыстар бөлімінде қызмет істеген Андрей Юрченко қазіргі шіркеу жағдайы жөнінде былай дейді. -Қазір шіркеулер тағы да босап қалды. Діни мерекелер кезінде ғана олар кісіге бір шама толады. Ал коммунизм құлаған кездегі тойлардан кейін ашылған ауыл-қыстақтағы шіркеулердің көбі қазір бос тұр. Олардағы поптар шіркелерді тастап кетіп жатыр, - дейді Юрченко. Жалпы орыс халқының қаншасы православ дінінде ? Олардың үлесі 80 пайыздай, бірақ соңғы зерттеулерге қарағанда, сол 80 пайыздан аз ғана бөлігі діни шараларға қатысып тұрар екен. Ал Сербиядағы орыстар шіркеуге мәдени орын ретінде тамашалауға ғана баратын көрінеді. -Кейбір пікірнама нәтижелері төмендегідей: Азаматтардан қай діндесіз? десеңіз , - Православия дінінде, дейді. Ал Құдайға сенесіз бе ? - деп сұрасаңыз, - Жоқ, деген жауап есітесіз, - дейді Юрченко.

Дегенмен, Андрей Юрченко Ресейдегі рухани жаңаланудың бастамаларына сеніммен қарайды. Бірақ оның пікірінше, шіркеудің тиісті моралдық, рухани тәрбие беру деңгейіне жеткенше әле көп уақыт қажет болар екен.
XS
SM
MD
LG