Accessibility links

«Хабар» агенттігіне 1 миллиард тенге керек пе?...


«Хабар» агенттігі Қазақстанның бұрыңғы ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаевқа наразы болып, сот арқылы жауапқа тартқысы келіп отыр. «Азаттық» радиосына берген сұхбатында «Хабар» агенттігінің заңгері Қанат Сахариянов Алтынбаек Cәрсенбаев «Хабар» агенттігін бұқаралық ақпарат құралдарын монополиялаған медиа-холингке жатқызды, сонымен қатар ақпарат агенттігі бюджет заңдарын бұзды деп, айтыптап отыр.

Қанат Сахариянов, «Хабар» агенттігінің заңгері:

-Негізінен, “Хабар» агенттігі «Ел арна», «Хабар» және «Сaspionet» телеарналарына, «Хит ФМ- Хабар» радиосы мен www.khabar.kz және www.caspionet.kz вебпарақшаларына ие. Бұл телеарналар мен вебпарақшалар ешбір медиа- холдингке кірмейді.

«Хабар» агенттігінің мұндай мәлімдемесінен кейін, біз бұрыңғы Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаевтың пікірін білуге тырыстық, алайда бұл әрекетіміз нәтижесіз болды. Бірақ «Азаттық» радиосына берген сұхбаттырының бірінде Алтынбек Сәрсенбаев мемлекеттегі кейбір телеарналар туралы былай деген болатын.

Алтынбек Сәрсенбаев, экс-министр, «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі:

-

Бұл телеарналардың барлығы мемлекеттік телеарна болып саналады, бірақ олар бұл ұғымды теріс пайдаланып жүр. Мемлекеттік дегенді олар президенттік, үкіметтік деп, пайдаланып жүр. Бүгінгі таңда, Қазақстанның бірінші телеарнасы толығымен мемлекеттік болып саналады, ал «Хабар» агенттігінің 50 пайызы мемлекеттік, осы агенттікке «Ел арна» жатады, сол себептен бұл телеарнаның да 50 пайызы мемлекеттік.

Хабар агенттігі төңірегінде айтылатын сыбыстарды «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Айнаш Есали естіген, бірақ бұл әңгімелерді дәлелдеу үшін құжат болу керек,- дейді ол. Айнаш Есали, журналист:

-

«Хабар» агентігіне шынында, тек «Ел арна» және «Саspionet» ғана қарайды емес пе? Мәселен, мен бұл туралы білмеймін, бірақ айтатындардың дәлелі, нақты құжаты болуы керек. Алтынбек Сәрсенбаев көп жылдан бері министр болды, ол кісі бір нәрсені білетін болғаннан кейін айтқан шығар.

Ал оппозициялық бағыттағы журналист Шәріп Құрақпайдың ойынша, осы оқиға арқылы ресми Астана Алтынбек Сәрсенбаевты президент сайлауынан шектеуі мүмкін.

Шәріп Құрақбаев, журналист:

-«Хабар» агенттігінің шамданатын, намыстанатын реті жоқ. Себебі сайлау барысында біз барлығын көрдік. Сол кезде тек үкіметті қолдайтын партияларға ғана сөз беріп отырды. Сондай анық нәрсені, анық емес деп шағымданудың қажеті жоқ. Алтынбек Сәрсенбаевты «Хабар» агенттігі арқылы сотқа беріп, соттап, Болат Әбілов сияқты сайлауға қатыстырмаудың амалын іздеп отырған сияқты. Себебі біздің сот билік не айтса, соны іске асырады. Қара адамды ақ деп айтады, ақ адамды қара деп айтады, ұрлықшыны батыр, деп айтады. Ғалымжан Жақиянов түрмеде отыр, ал шетелге ұшақ сатып, мұнай ақшасын ұрлағандар министр, президент болып жүр.

Бұл пікірді саясаттанушы Бөріхан Нұрмухамедов қолдап отыр.

Бөріхан Нұрмухамедов, саясаттанушы:

- Мен ойлаймын, бұл алдымыздағы президент сайлауына байланысты жасалып отырған әрекет. Бірақ сот болатын болса, бұл сот адал, әрі әділеттІ өтеді, дегенге мен сенбеймін. Сонымен қатар, бұл сот шынымен орын алса, онда «Хабар» агенттігі және де басқа мемлекет меншігінен жеке меншікке берілген телеарналардың көптеген құпиялары ашылып қалады.

«Хабар» агенттігінің талабы бойынша, Алтынбек Сәрсенбаев «Хабар» агенттігінің ар намысына тиетін ақпаратты жоққа шығарып, 1 миллиард тенге көлемінде ақша төлеуі керек. Бұдан бұрын Алтынбек Сәрсенбаевпен Қазақстандағы «КТК» телеарнасы соттасамыз деген болатын. Бірақ Алтынбек Сәрсенбаев : «Егер «КТК» телеарнасы менимен соттаса бастаса, онда олар өздеріне зиян тигізеді, себебі сот арқылы барлық құпия анық болады»- деген болатын.
XS
SM
MD
LG