Accessibility links

Сахаров сыйлығы биыл Беларус журналистеріне беріледі


Еуропа парламенті Ассамблеясының Андрей Сахаров сыйлығы биыл Беларус журналистер Ассоциациясына берілді. Бұл туралы Еуропа парламентінің президенті Джозефф Боррел жариялады. Ол Беларус журналистерінің ұйымы сөз бостандығын қорғап жүрген ерең еңбегі үшін марапатталды деді. Джозефф Боррел Беларуста осы айдың басында болған референдум сөз бостаныдығы үшін күресіп жүргендерге қолдау қажет екенін көрсетті деді. Референдум президент Александр Лукашенкоға билік басында үшінші рет қалуға жол ашты. Адам құқықтары саласындағы Сахаров сыйлығы желтоқсан айында Страсбург қаласында табыс етіледі.
XS
SM
MD
LG