Accessibility links

Путин Украинада әскери парадты тамашалады


Ресей президенті Владимир Путин Украина сапары барысында бүгін әскери парадты тамашалады. Жексенбі күні Украинада президент сайлауы өтеді, мұнда Украина Ресей не болмаса Батыс елдерімен көбірек жақындасу таңдауын шешеді деп күтіліп отыр. Украина әскерінің жылсайынғы парады осы жолы неге ерте өткізілгені ресми сипатталмады. Президент Леонид Кучма қызметінен кетеді, үкімет оның мұрагері ретінде бас министр Виктор Януковичты алға шығарып отыр. Януковичтың басты қарсыласы, оппозициялық кандидат Виктор Ющенко батыс демократиясын жақтайтын саясаткер. Парад барысында Путин бас министр Виктор Януковичтың жанында тұрды. Парадқа Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевте қатынасты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG