Accessibility links

Сарапшылар Ауғанстанда 2005-жылы болатын Парламенттік сайлаулар күрделі жағдайда өтуі мүмкін дейді

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Ауғанстанда 2005-жылдың сәуіріне жоспарланған парламенттік сайлаулар, сарапшылардың пікірінше, жақында орын алған президенттік сайлауға қарағанда әлде қайда күрделі жағдайда өтуі мүмкін. Бұл жөнінде Нью Йорктегі Азия қоғамы өткізген конференцияда да айтылды. Ауғанстанда жуырда өткен парламенттік сайлаулардың дауыс беру қорытындылары енді ғана шыға бастады. Сарапшылар президенттік сайлау жалпы алғанда табысты болды дегенімен енді алдағы жылдың көктемінде өтетін Парламенттік сайлауға алаңдаушылықпен қарайды. Азия қоғамы қоры осы аптада ұйымдастырған конференция кезінде, сарапшылар алдағы жылғы парламенттік сайлаулар талиптерден кейінгі Ауғанстан өміріндегі ең бір елеулі уақиғалардың бірі болады деген. Себебі ол сайлауда жергілікті нағыз басқару билік мәселесі шешілмек.

Қауіпсіздік мәселесімен шұғылданатын Халықаралық дағдарыс тобынан Азия бағдарламасы директоры Роберт Темплердің айтуынша, ол сайлау кезінде қауіпсіздік мәселесі шешілмесе саяси жанжалдар одан әрі күшейіп кетуі мүмкін екен.

-Ол кезде де қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен түспейді. Ол сайлауда жергілікті аутономиялық басқару мәселесі шешілетіндіктен жағдай күрделене түсуі мүмкін, - дейді Роберт Темплер.

Парламенттік сайлау науқаны кезіндегі келесі бір қыйын мәселе сайлау аумағының шегаралары. Аймақтық шегаралар әле анықталмаған. Сондықтан, алдағы алты айда түрлі тайпалық топтар жаңа уалаят, жаңа шегара қажет деген талаптарды одан әрі күшейте түсуі мүмкін. Ал парламенттегі көбірек орынға таласу, ол үшін күрес өз алдына үлкен бір мәселе. Нью Йорктегі Барнад колледжінің доценті Кимберли Мартеннің айтуынша, әзірше Ауғанстанда қажетті сайлау заңы жоқ есебі. Оның үстіне, көптеген аймақтар Үкімет бақылауынан сыртта қалып отыр. Оған сбеп орталық үкімет ол уалаяттардың еркін жұмыс істеуіне жететін қажетті қаржы бөліп бере алмай отыр, дейді Мартен. Жергілікті айматар көкнәрі және апыйынмен заңсыз сауда жасау алқылы күн көріп отыр. Мұндай жағдайда елге кемінде қауіпсіздік қажет, дейді Мартен.

-Қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, халықтың мемлекетке деген сенімі де жоғалады. Егер мемлекет қауіпсіздік жағдайын орнатпаса онда азаматтар қалайша үкіметті қолдасын. Парламенттік сайлаулар кезінде билікке таласу әрекеті президенттік сайлауға қарағанда әлде қайда күшті болмақ. Күтпеген жағдайлар болып кетуі де мүмкін, - дейді профессор міндетін атқарушы зерттеуші.

Мартеннің айтуынша, Ауғанстанда полиция сақшыларының өзі сыбайлас жемқорлықпен айналысады. Дегенмен Адам құқықтары ұйымы Хюман Райтс Уачтың Азия бөлімінен директор орынбасары Саман Зия Зарифидың айтуынша, ұлттық армияға қарағанда, елдегі қауіпсіздік үшін бақуат полиция күштері тиімді болмақ.

Ауғандарға Ұлттық армияның қажеті жоқ. Себебі Ауғанстан көрші елдермен аумақтық жанжалдарды шешуге құдыретті армияға бәрібір ие бола алмайды. Ауғандарға керегі - жақсы жасақталған полиция сақшылары. Бұл жөнінде олар 3 жылдан бері айтып келеді, - дейді Зия Зарифи.

Ал Ауғанстандағы бір жақсы жаңалық, зерттеушілердің айтуынша, жуырдағы президенттік сайлау көрсеткеіндей, ауған халқы сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарайды екен
XS
SM
MD
LG