Accessibility links

Ауғанстанның қауіпсіздік күштері бүгін елдегі тұңғыш президент сайлауына бақылаушы болып қатысқан 3 шетелдіктің кешегі тұтқындалып әкетілуінің жай-жапсарын тергеуге кірісті


Ауғанстанның қауіпсіздік күштерінің өкілдері бүгін БҰҰ-ының атынан елдегі тұңғыш президент сайлауына бақылаушы болып қатысқан үш шетелдік азаматтың кешегі тұтқындалып әкетілуінің жай-жапсарын тергеуге кірісті. Куәгерлердің айтуларына қарағанда, британ азаматшасы мен Косоводан келген әйел және филиппиндік дипломат отырып келе жатқан автокөлікті Кабулда әскери униформа киген белгісіз адамдар тоқтатып, үшеуін де тұтқындап алып кеткен.
XS
SM
MD
LG