Accessibility links

Абхазияның Жоғарғы соты оппозициялық үміткер Сергей Багапштың 3 қазанда өткен президент сайлауында жеңіске жетті деген өкімін бүгін қайта бұзып, екі айдың ішінде дауыс беру бюллетеньдерін қайта есептеуге шақырды


Абхазияның Жоғарғы соты оппозициялық үміткер Сергей Багапштың 3 қазанда өткен президент сайлауында жеңіске жетті деген өкімін бүгін қайта бұзып, екі айдың ішінде дауыс беру бюллетеньдерін қайта есептеуге шақырды. Бұл өкімді судья Гергий Акаба С.Багапш ресми билік пен Мәскеудің қолдауына сүйенген үміткер Рауль Хаджимбаны жеңді деп таныған Орталық сайлау комиссиясының қаулысын мойындау туралы өкім шығаруының артынша бірнеше сағаттан кейін бүгін таңертең жариялады. Өзінің алдыңғы өкімін бұзатын шешімді Жоғарғы сот Хаджимбаның 500-ге жуық жақтасы судьяны кеңсесінде қамап ұстауынан кейін шығарды.
XS
SM
MD
LG