Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш кеше өзінің кезекті президент сайлауындағы бақталасы Джон Керриді “жөнсіз уақытта жөнсіз лауазымға ұмтылған жөнсіз адам” деп сынға алды


АҚШ президенті Дж.Буш кеше өзінің кезекті президент сайлауындағы бақталасы Джон Керриді “жөнсіз уақытта жөнсіз лауазымға ұмтылған жөнсіз адам” деп сынға алды. Өз кезегінде Джон Керри қазіргі президентті өзі істеген істері үшін, оның ішінде Ирақтағы істері үшін жауапкершіліктен үнемі жалтарумен келеді деп жазғырды. Соңғы 4 күн бойы сенатор-демократ Дж.Бушты Ирақта із-түссіз жоғалған 340 тонна жарылғыш зат үшін ащы сынап келеді. Оның айтуынша, Республикалық партиядан сайланған президенттің өзін өзі Дж.Кеннедимен салыстыруы өте орынды, өйткені, Дж.Керридің пікірінше, Кеннеди де дәл сол сияқты қателік жіберген, оның ішінде Кубаға қарсы соғыс қимылдарынан бас тартуы да бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG