Accessibility links

Палестина лидері Ясир Арафат бүгін 2 жылдан көп уақыт бойы қамалып отырған Рамаллаһ қаласынан емделу үшін Парижге ұшып шығуға тиіс


Палестина лидері Ясир Арафат бүгін 2 жылдан көп уақыт қамалып отырған Рамаллаһ қаласынан емделу үшін Парижге ұшып шығуға тиіс. Бұл – 2002 жылы Израильдің шектеу қоюынан кейін Рамаллаһтағы штабынан алғаш аттап шығуы болмақшы. Алғашқыда ешқандай уәде бергісі келмеген Израиль, дегенмен де, Ясир Арафат Иордан өзенінің Батыс жағалауына еркін қайта орала алады деп мәлімдеді. Ұлы Британияның қорғаныс министрі Джек Стро – Палестина лидерінің ертерек сауығып кетуіне тілек білдірген көп саясаткердің бірі болды: “Президент Арафат – сырқаттанып қалды, бірақ ол Палестинаның президенті болып қала береді. Не болар еді деп ой жүгірту қолайлы болар деп ойламаймын. Дәл қазір біздің барлығымыздың да Арафат толық сауығып кетсе екен деген бір тілегіміз бар”.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG