Accessibility links

Қазақстанның қауіпсіздік қызметкерлері оңтүстік облыста бес жылдан бері бой тасалап жүрген намангандық Одилхон Мүминовты өзбекстандық арнайы қызмет қолына табыс етті

  • Ескендір ЕРТАЙ

Оңтүстік Қазақстан облысы ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Өзбекстандағы террорлық оқиғаларға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен Қожа Баба лақап атымен жүрген адамды қолға түсірді. Тергеу барысында оның Өзбекстанның құқық қорғаушыларынан бес жылдан бері Қазақстанда бой тасалап жүргені анықталған. Уақапшы - экстремистік көзқарасы үшін Өзбекстанның құқық қорғаушылары 1999 жылы оған іздеу жариялапты. Белгіленген халықаралық шарттарға сәйкес, Қазақстанның арнайы қызметі намангандық азаматты Өзбекстандық құқық қорғаушыларға табыс етті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің кеңесшісі Нұрлан Тасқымбаевтың айтуынша, күдікті ретінде ұсталған жанды алдын ала тергеу барысында Өзбекстандағы уақапшылар идеясын таратушы белсенділерінің қатарында болғандығы анықталып отырған көрінеді.

«Прокурордың санкциясы бойынша тінту барысында оның үйінен діни кітаптар, үнтаспалар, бейна материалдар табылған. Осындай айғақты заттар табылған түбі намангандық жан- Одилхон Мүминов не Хизбут-Тахрир немесе ваххабизмге қатысты идеолог ретінде Өзбекстан заңымен сотталады»,- дейді Нұрлан Тасқымбаев.

Саясаттанушы Әзімбай Ғалидың айтуынша, Өзбекстан Президенті өзінің саяси оппоненттерін діни экстремистер қатарына қосып қояды да қысым жасайды. «Мұндай жағдайда шетелдің тәжірибесін қолданған жөн. Шетелдіктер мұндай оқиғаны жан-жақты сараптаудан өткізеді. Мәселен, Масхадов Ресей үшін экстремист, қылмыскер, ал Батыс үшін дала командирі, Ичкерия республикасының президенті» ,-дейді.

Департамент кеңесшісі Нұрлан Тасқымбаев екі ел арасындағы келісім-шарттарға сәйкес өзбекстандық азаматтың арнаулы қызмет қолына тапсырылып жатқандығын ендігі жерде оның тағдыры солардың қолында екендігін айтады.

Астанадағы орталық мешіттің найб-имамы Бағдат Әбдікәрімовтың айтуынша, Өзбекстанда уақапшы мен Хизбут тахрир діни ағымдарының өзегі бір деп саналады екен. Оның екеуінің де негізгі мақсаты Ислам халифатын құруды көздейді,-дейді найб имам.

Нұрлан Тасқымбаев:»Бұған дейін Өзбекстанның құқық қорғаушылары Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында экстремистік ұйымдар дайындалатын ошақ бар деген пікірлерін Қазақстанның арнаулы қызмет басшылары жоққа шығарып отыр»,-дейді.

Саясаттанушы Әзімбай Ғали мемлекеттер арасындағы келісім шарттар бойынша қылмыскерлерді оның ішінде лаңкестерді қайтару дұрыс деп есептейді. «Олармен ымыраласу тіпті кей жағдайларда бірлесіп мақсат орындау жағдайлары да кездесіп отырғандығын жасырмайды.

Сонымен, Оңтүстік Қазақстанда күдікті ретінде тұтқындалған Қожа бабаның шын аты Одилхон Мүминов болып шықты. Оның барлық ресми құжаттары толтырылған соң, Өзбекстан арнаулы қызметі өкілдеріне тапсырылды.
XS
SM
MD
LG