Accessibility links

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекера сызығына тап болған қазақ ауылдарының тағдырын екі елдің үкіметтік комиссиялары сөйлесе бастады

  • Досан БАЙМОЛДА

Бейсенбі күні Ташкентте кездескен Қазақстан мен Өзбекстанның шекараны демаркациялау яғни межелеу жөніндегі мелекетаралық үкімет комиссилары жұма күні өз жұмыстарын шекарада жалғастырған. Қазақстан мен өзбекстан арасындағы шекараның жалпы ұзындығы 2340 шақырым. Шекараны межелеу жұмысы 2002 ші жылы аяқталып, барлық жер мелекетаралық комиссияның шешімімен картаға түсірілген. Ресми құжат бойынша қазақ-өзбек арасында бөлінбеген, шешілмеген даулы жер жоқ. Алайда екі жақтың шекараны межелеу комиссия мүшелерінің бастарын қатырып отырған бір мәселе ол шекаоа сызығында орналасқан қазақ, өзбек ауылдарының тағдыры болмақ. Осы шекара сызығына түмкен ауыл-үйлер шекара бағанасынан кемінде 50 метр қашықтықта болуы шарт деген шешімді Өзбекстан үкіметі қабылдап қойып отыр.

Жұма күні «Азаттық» радиосына берген сұқбатында Қазақстан жағының демаркациялау жөніндегі комиссияның мүшесі Бексейіт Дүйсекеев: Қазақстан жағы болса Өзбекстанның бұл талабын әлі қабылдаған жоқ, егерде бұл талап қабылданатын жағдайда екі жақтан да бұзылатын үйлер саны көп болмақшы. Қазақстан жағынан 50-60 тай тұрғын үй бұзылады сондықтан да неғұрлым аз үй бұзылатындай вариантты ойластырамыз, бәлкім шекара бағанасынан қашықтықты 20-30 метрден асырмау керектігін алға қоярмыз.

Қалайда бұл мәселені асықпай, дұрыс шешу керек деп ойлаймыз деді ол. Осы мәселеге қатысты Қазақстан парламенті мәжілісінің халықаралық іс, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Уәлихан Қалижанұлы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі, демаркация жөніндегі комиссия шекара сызығындағы қазақ ауылы тұрғындарының тағдырын терең ойлап, дұрыс, ұтымды шешім қабылдауы керек деген пікір айтады. Ал біз хабарласқан Алматыдағы Өзбекстан елшілігінің 1-хатшысы Акмал Хакімов өзінің Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы бұл жағдайдан ешбір хабарсыз екендігін, бұл мәселемен тек үкіметтік комиссия ғана айналысатындығын айтты.
XS
SM
MD
LG