Accessibility links

Ресейде әкімдердің тікелей сайлауы тоқтатылмақ


Ресей парламентінің төменгі палатасы яки Мемлекеттік дума аймақ әкімдерінің тікелей сайлауын тоқтату заң жобасын бірінші оқылымда талқыламақ бүгін. Қарамақайшылық туғызып отырған бұл заң жобасы бойынша Ресей Федерациясының 89 облыс және губернияларында әкімдер президент ұсынатын тұлғалардың ішінен облыстық думаларда сайланбақ. Президент Владимир Путин әкімшілік жүйені қатайту терроризмге қарсы нәтижелі күрес үшін қажет дейді. Бұл шара Беслан қаласында 350-ден астам адамның өмірін қиған террорлық шабуылдан соң дереу жарияланған болатын.
XS
SM
MD
LG