Accessibility links

Ирақта 100 мың бейбіт адам қаза болды деген баяндама тексеріледі


Британия сыртқы істер министрі Джек Стро Ирақта 100 мың бейбіт адам қаза болды деген баяндаманы өте мұқият тексереміз деп айтты. Былтыр наурыз айында АҚШ бастаған әскер кіргеннен кейінгі кезеңде 100 мың ирақтық тұрғын қаза тапты деген зерттеуді британиялық "Лансет" белгілі медициналық газеті жариялады бүгін. Зерттеу бір мың ирақ жанұяларының арасында жасалған сауалнамаға және соғыс алдындағы мәліметтерге негізделген.

Ирақта қанша тұрғын қаза болғаны жайында бірде бір ресми мәлімет жарияланбаған жалпы. Кейбір қоғамдық ұйымдар құрбандардың саны 10 мың-30 мыңның арасында болуы мүмкін дейді. "Лансет" газетінің мәліметін Британия министрі тым жоғары деп қабылдады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG