Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ричард Армитейдж Қазақстанның демократиялық күштерінің қуатты екенін айтты


Қазақстанға ресми сапармен келген АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ричард Армитейдж Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Парламент Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен және Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевпен кездесті. АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары сонымен қатар Қазақстандағы бірқатар саяси партиялар жетекшілерімен де кездесті.



АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ричард Армитейдж Қазақстанға бірнеше себептермен келгенін айтты. Ол ең алдымен Қазақстан халқына Ауғанстанда болған Президент сайлауы кезінде Хамит Харзайды қолдағаны үшін рахмет айтуға келгенін айтты. Ричард Армитейдждің Қазақстанға келгендегі екінші себебі, Орталық Азия елдеріндегі терроризмге қарсы күрес мәселесін талқылау үшін, сонымен қатар Қазақстанның ішкі саяси ахуалын терең білу үшін арнайы келдім,– АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары. Ол Қазақстан Президентімен жоғарыдағы көтерген мәселелер жөнінде әңгіме өрбіткенін айтты. «Ал Қазақстанның саяси партиялар жетекшілерімен кездесуі маған үлкен қуат берді дейді», – Ричард Армитейтдж. Оның айтуынша, Қазақстандағы саяси партиялар лидерлері демократиялық көзқараста. Олармен әңгіме өте қызықты болды дейді.



АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасарымен кездескен саяси партиялар жетекшілерінің бірі «Ақ жол» партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбаев Ричард Армитейджға Қазақстандағы ішкі саяси ахуалды ашық айттық дейді. «Қазақстандағы демократиялық процесстердің барысы әңгіме болды. Өткен сайлаудың қорытындысы және бұрынғы ТМД елдерінде қалыптасып отырған геополитикалық ахуалдар талқыланды. Демократиялық күштер сайлаудың әділетсіз өткендігін және бұл сайлаудың қорытындысын мойындамайтындығын мәлімдеді», – дейді Ричард Армитейдж.



Алайда Алтынбек Сәрсенбаев Қазақстанның ішкі саяси дағдарысын шешу өздерінің қолдарында екендігін айтты. «Ең бірінші тәуелсіз мемлекетіміздің ішіндегі мәселелерді өзіміз шешуіміз тиіс. Бірақ Қазақстан халықаралық ұйымдардың мүшесі болғандықтан, қауымдастыққа кірер кезде алған міндеттемелерін орындауы қажет», – дейді Алтынбек Сәрсенбаев.



АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ричард Армитейдж Қазақстан басшысымен бірге Парламент Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен де кездесті. Кездесуге қатысқан сенатор Жабайхан Әбділдинің айтуынша, спикер Абықаев Қазақстанда өткен Парламент сайлауында кемшіліктер болғанын жасырған жоқ.



Ал Қазақстандағы сайлауды әділетсіз өтті деп бағалаған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбаймен АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ричард Армитейдж арасында кездесу орын алған жоқ.
XS
SM
MD
LG