Accessibility links

Абхазия сайлауының қортындысы одан сайын шатастырылды


Абхазия президенттік сайлауының қортындысы жайында жоғары сот шығарған үкім қайшылық туғызды. Абхазия жоғары соты 3-ші қазанда өткен сайлауды оппозициялық кандидат Сергей Багапш жеңді деп айтқан болатын. Бірнеше сағаттан соң сот үкімді жойып отырмыз деп басқаша сөйледі. Сот үкімін өзгертуге үкімет жағындағы жеңіліп қалған кандидат, бұрынғы бас министр Рауль Хаджимбаның жақтастары мәжбүрледі,- деп мойындады төреші Георгий Акаба. Хаджимбаның жақтастары сот үйіне кіріп алып, күш жұмсады, бопсалады, -деп айтты төреші Георгий Акаба баспасөз мәслихатында.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG