Accessibility links

Арабтардың Ал Жазира теле стансасы әуеге таратқан 18 миноттық бейнетаспа хабарында Ал-Қайда жетекшісі Осама бин Ладен 2001-жылы қыркүйектің 11інде АҚШқа жасалған шабуылдарды өз мойнына алған


Сергек бейнедегі бин Ладен Ливан және Палестинаға қарсы Израил мен АҚШтың жасаған әділетсіздіктері үшін АҚШқа шабуыл жасауға бұйрық бердім дейді. АҚШтағы сейсенбі күнгі сайлауда кім жеңсе де маған бәрібір. АҚШ азаматтарының қауіпсіздігі президенттің қолында емес. Ол американдықтардың өзіне байланысты, деген бин Ладен.

Бұл Ал-Қайда жетекшісінің теле-бейне таспадан бір жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет көрсетілуі. Бірақ оның қай кезде жазылғанбдығы беймалім. Таспадағы Бин Ладен АҚШ президенті Буштың әкімшілігі 2001-жылдан бері американдықтарды алдап келді деген. Бин Ладен шабуылдардың жасалғанына себеп, біз еркін халықпыз ... сондықтан біз халқымызға қайтадан азаттық берілуін қалаймыз деген.

Қатардағы теле арна ол таспаны жұма күні таңертең алғандығын айтады. Бірақ оның қалай қолға түскендігін білдірмейді.
XS
SM
MD
LG