Accessibility links

Алматыда «Мәдениетаралық байланыс және қазақ, орыс филoлогиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық мәслихат өтті


Қазанның 29 – 30 -ы аралығында Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтында тіл мәселесіне арналған халықаралық мәслихат өтті. Бұл шара Қазақстандағы Ресей жылына және жоғарыдағы аталып өтілген білім ордасының 60 жылдық мерейтойына орайластырып, «Мәдениетаралық байланыс және қазақ, орыс филалогиясының өзекті мәселелері» аттпен өтті. Мәслихатқа Қазақстан мен Өзбекстан, Қырғзстан және Ресейдің тілші ғалымдары қатысып, әлеуметтік лингвистика, тілдік баланыстар мен тілдердің қоғамдағы қызметі сынды мәселелер талқыға түсті.

«Мәдениетаралық байланыс және қазақ, орыс филалогиясының өзекті мәселелері » атты халықаралық мәслихатқа Қазақстан мен Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресей елдерінің тілші ғалымдары қатысып , тілдік байланыстар мен тілдің қоғамдағы қызметі сынды тілге қатысты бірнеше күрделі мәселелер төңірегінде пікір алысты. Қонақтар арасында болған , Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің кафедра меңгерушісі Махамбет Жүсіпұлы, өткізіліп отырған шара төңірегінде төмендегідей пікір білдірді.

- Конференцияның ғылыми деңгейі біздің ойымызша биік болды. Қойылған мәселелер жан- жақты. Ол тек мәдени қарым- қатынас емес, таза ғылыми мәселелер көрінді. Оның ішінде тіл танымы, әдебиет танымы, тілді және әдебиетті оқыту әдістемесі, тағы бір күрделі мәселе - тілдің әлеуметтік қызметі.

Ал, ұйымдастырушылардың бірі, Қыздар мемлекеттік педпагогикалық институтының Тіл теориясы мен оқыту әдістемесі және қазақстан тілдері кафедрасының меңгерушісі Бақытжан Хасанұлы мемлекеттік тілді дамыту үшін ең алдымен біліктілікті басқару « Ал ол үшін Тіл комитетін құру қажет » - деген пікірін айтты.

Бүгінде конференция ұйымдастырып, тіл мәселесіне көңіл бөліп отырған жоғарғы оқу орнышінен, осыдан екі жыл бұрын Кіші ғылыми академиясы құрылған екен. Бүгінде аталмыш академия президенті Ақмарал Дуітқұлова біздің басты мақсатымыз тіл ғылымын зерттейтін студент жастарға қолдау көрсету болып табылады дегенді айтып отыр.

- Кіші ғылым академиясы студенттердің ғылыми жобасын жүзеге асыруға, олардың республика көлемінде болып жатқан конференциялар, дөңгелек үстелдерге қатысуына көмек көрсетуге және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға көмектесу негізгі мақсаты болып табылады.

Ал жалпы жастар қазіргі таңда Қазақстанда қазақ тілінің деңгейі жаман емес дегенді айтып отыр. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда болашақта осы сияқты бас қосулар екі- үш жылда бір рет өткізіліп отыратын болады.
XS
SM
MD
LG